jasqazaq.kz

Нанды лас гараждың ішінде дайындаған (видео)

26 тамыз 2020, 0:42

Атырауда адам шошырлық лас жағдайда жұмыс істеп келген жасырын кондитерлік цех әшкере болды. Оңай олжа таппақ болғандар көлік қоятын гаражды пайдаланған.

Қанша уақыт бойы тазаланбаған ыдыс-аяқтар, шашылған тәттілер, әр жерде жатқан қап-қап ұн. Қызметкерлерден де тазалық байқалмайды. Цех иесі бастапқыда түсірілім тобына қарсылық танытты. Кейін кінәсін мойындады. Айтуынша соңғы екі ай бойы тәтті нан-тоқаш өнімдерін қала дүкендеріне таратып келген. Дейтұрғанмен қазір оның кәсіпкер ретінде ресми тіркеуде бар-жоғы, жұмысшыларының санитарлық кітапшалары тексерілуде.

Ернар ӘБУЛХАЙЫРОВ, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ ТАУАРЛАР ЖӘНЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Өздеріңіз көріп отырғандай, барлық қызметкерлері униформа пайдаланбай жұмыстарын атқаруда.+Қазіргі жағдайда бұл кісілердің жеке басын анықтаудамыз. Соған байланысты «Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы» Кодекстің 425-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Дереккөзі: Астана телеарнасы

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты