jasqazaq.kz

Нан қымбаттайды

14 қазан 2019, 12:19

Биыл дәнді дақылдардың өнімділігі төмендеген. Қазір облыс әкімдіктері тұрақтандыру қорларына бидай мен ұн сатып алып жатыр

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров нан бағасы аздап өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Қазір нан бағасы өңірге байланысты 75-78 теңге. Мен баға болар-болмас өседі деп топшылап отырмын. Шамамен 80-82 теңгеге дейін», — деді Омаров үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Министрлік нан бағасының күрт өсуіне жол бермес үшін Азық-түлік корпорациясымен бірлесіп, астық сатып алуда. Бұдан бөлек, әр облыс әкімдігі тұрақтандыру қорларына бидай мен ұн сатып алып, қамданып жатыр.
«Жыл сайын ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру үшін, әр жылдың ақпанынан шілдесіне дейін Азық-түлік корпорациясы ұн тарту комбинаттарына 150 мыңнан 250 мың тоннаға дейін бидай сатады. Биыл нан күрт қымбаттамас үшін біз ішкі нарыққа 150 мың тонна астық өткіздік»,- деді ведомство басшысы.
Тағы оқыңыз: Қазақстандықтарды 2019 жылы қандай өзгерістер күтіп тұр?
Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратынша, республикада 19,1 миллион тонна астық бастырылды.
Жаздың ыстық және құрғақ болуына байланысты дәнді дақылдардың өнімділігі төмендеген. Аптап ыстық пен толассыз жауын-шашын астықтың сапасы мен өнімділігіне әсер еткен.
Үкімет отырысында министр биыл дәнді және дәнді бұршақ дақылдарының өнімділігі бункерлік салмақта 19 миллион тоннаны құрауы мүмкін екенін мәлімдеген еді. Бұл 2018 жылғы өніммен салыстырғанда 2 миллион тоннаға кем.

Sputnik

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда