jasqazaq.kz

Намаз кезінде имамның сөзін бөлген ер адамға айыппұл салынды

24 тамыз 2018, 14:34


Атырау облысында намаз кезінде имамның сөзін бөліп, кедергі келтірген ер адам айыппұл арқалады.

Қызылқоға аудандық сотына сілтеме жасап  Tengrinews.kz хабарлады. Қызылқоға ауданы Миялы ауылындағы «Бәйтерек» мешітіне жұма намазға келген жергілікті тұрғын имамның ескертуіне қарамастан намазды дауыстап оқыған. Оның нәтижесінде жалпы намаз бұзылыпты. Ер адам намаз оқуды интернеттегі қосымшалардан үйренгенін, онда сүре оқылғанда дауыстап «әмин» деп айтылуы керектігі жазылғанын айтқан. Кейін ол дінті дұрыс түсінбегенін және өз қателігін мойындаған. «Қызылқоға аудандық сотының қаулысымен ер адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 1-бөлігінде («Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу») қарастырылған құқықбұзушылық жасады деп танылып, оған 84 175 теңге сомасында айыппұл салу туралы жаза қолданылды», — делінген соттың хабарламасында.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді