jasqazaq.kz

Найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін

30 маусым 2022, 17:29

Синоптиктер Қазақстанда 1 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды: республикада найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейеді, тұман түседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК:

Қазақстанның батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды учаскелер әсерін сақтайды, соған байланысты ауа райы құбылмалы болады: батыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша желдің күшейіп, түнде және таңертең Қазақстанның солтүстігінде тұман күтіледі.

Болжам бойынша, күндіз Алматының солтүстігінде, Жетісу, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Қызылорданың басым бөлігінде, Алматы, Абай облыстарында, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Атыраудың батысында, Ұлытаудың оңтүстік-батысында, Қарағандының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, – деді синоптиктер.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық