jasqazaq.kz

Найман Мәскеудегі турнирде қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді(видео)

26 қыркүйек 2020, 10:24

Танымал қазақстандық спортшы Қуат «Найман» Хамитов 25 қыркүйек, жұмада Мәскеуде өткен Fight Nights Global 98 аралас жекпе-жек турнирінде өнер көрсетті. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды.

Найман ресейлік Ахмадхан Боковпен кездесті. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Қазақстандық қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңіп кетті.

Бастапқыда Хамитовтың қарсыласы басқа ресейлік спортшы Олег Косинов болуы керек еді, бірақ жекпе-жекке бір күн қалғанда қазақстандықтың қарсыласы өзгеріп, Ахмадхан Боковпен шығатын болды.

32 жастағы Қуат Хамитов үшін бұл өткен жылдың сәуірінен бергі алғашқы жекпе-жек. Бұл ретте қазақстандық соңғы рет 2016 жылдың желтоқсанында жеңіске жеткен.

Айта кетейік, бұған дейін осы турнирде қазақстандық Арман Сапаров ресейлік Магомедшапи Гасайниевтен жеңілген болатын. Жекпе-жек бірінші минутта аяқталды.

Fight Nights Global 98 турнирі «Хабар» және «Боец» телеарналарында көрсетілді.

https://youtu.be/OOyclplM1fI

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия