Нағыз қазақ – домбыра!

18 қыркүйек 2023, 13:32

Қазір әркім ойына не келсе, соны айтатын заман. Әсіресе, әлеуметтік желіге оқыс бір ойды тастап жіберсе, құрғақ қамысқа тиген өрттей қаулай жөнеледі. Міне, басқа тақырыптың бәрін «жайпап» болып, кезек қазақтың қасиетті домбырасына келіпті. Өткенде «домбыра шерту, беташар жасау, келіннің сәлем салуы – харам» деген жазба тарап, рамазан стамғазиев сияқты өнер адамдарынан бастап күллі қазақ жұрты ұлттық аспабымызды қорғап, әлгі арам пиғылды пікірге тойтарыс берді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да мәлімдеме жасады. Онда «әлеуметтік желі қолданушыларын «домбыра шерту, беташар жасау, сәлем салу – харам» деген мағынада бір жақты, негізсіз пікір айтып, халық арасында түсінбеушілік тудырмауға үндейміз, ұлттық құндылықтарға қарсы келу дұрыс емес екенін мәлімдейміз» делінген. Мәжіліс депутаты аманжол әлтай да домбыраны харам дегендер туралы өз пікірін жеткізді.

Қазақ сөзінің синонимі

«Ұлттық этникалық төлтума мәдениетіміздің шырақшысы – қазақтың қасиетті қара домбырасы. Өкінішке қарай, бүгінгі қоғам арасында, әлеуметтік желілерде осы халқымыздың арда болмысын ардақтайтын домбыра аспабына деген шабуылдар, жас ұрпақтың санасын теріс ұғымдарға итермелейтін қауіпті де ұлттық дүниетанымымызға жат пікірлер көбейіп барады. Әсіресе, діни жат ағымдардың жетегінде кеткен кейбір Қазақстан азаматтары жұртты адастыратын теріс пікірлер таратып жүр. Бұған әлеуметтік желіде желдей есіп жүрген «Домбыра – харам» деген секілді адам шошытар алып қашпа сөздер дәлел. Домбыра – тарихи санамызды жаңғыртуға жол ашатын, ата тарихымызды, халқымыздың ғасырлар безбеніндегі сан қырлы тағдырын баяндайтын, өткені мен бүгінін үндестіретін қайталанбас ұлы құндылығы. Домбыра – бүгінгі жас ұрпақты мейірімділік пен парасаттылыққа, адалдық пен Отансүйгіштікке, қайсар намыс пен қайырымдылыққа баулитын адам жанының бағбаны. Домбыра – татулық пен бірліктің мәмілегері. Ата тарихымыздағы небір аласапыран замандарда ұлтты ұйыстыруға, елді біріктіруге, ерлерді ел қорғауға шақыруға зор рөл атқарған. Кешегі 1932-жылдардың аштығында да ата-бабаларымыз білегінен әл кетіп, өзегі талып, ақтық демі шыққанша қолынан домбырасын тастамаған. «Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – домбыра» деп Қадыр ақын айтпақшы, Домбыра аспабы – Қазақ деген сөздің синонимі, Ұлт деген ұғымның мазмұнын ашатын мәнге ие. Себебі халқымыздың арман-мұраты, ұлттық тәлім-тәрбиесі, төлтума мәдениеті, дүниетанымы – осы қасиетті домбыра арқылы көрініс табады. Ендеше, домбыраға тиісу – Ұлтқа тіл тигізу, төлтума мәдениетімізді қорлау, өткен тарихымыз бен бүгінімізге көлеңке түсіру деп қабылдаймыз. Конституциямыздың 14-бабында нақты көрсетілгендей, қазақ халқының ұлттық құндылығы мен ерекшелігіне тіл тигізуге ешкімнің де қақысы жоқ. Домбыра – Қазақстандағы аса маңызды символдардың бірі. Домбыраның екі шегі ежелгі заман мен осы заманның сырын шертеді» деп Рим Папасы біздің елімізге келген соңғы сапарындағы сөзін домбыраға арнағаны тегін емес. Дәлірек айтсақ, домбыра – адамзат баласы мән беріп, назарын аударуға тұрарлық қазақ халқының қасиетті құндылығы. Ананың әлдиіндей, баланың бал тіліндей ең тәтті үн – домбыраның үні. Еңдеше, аспанда да, жерде де, қаза жүрген жерде домбыра бірге жүреді. Азаттығымның, қазақтығымның бойтұмарындай қасиетті домбыраға тіл тигізуге, қорлауға жол бермейік, армен де, заңмен де қорғай білейік, тыйым салайық!».

фото: malim.kz

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді