jasqazaq.kz

Нағыз азамат!

21 маусым 2019, 10:41


Батырбек Ералиев – қатардағы полицей. Кейіпкеріміз Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы Жылға ауылында дүниеге келген. Осында Ғ.Мұстафин атындағы орта мектепте оқыған.

Батырбек Рүстемұлы «болашақта кім боламын?» деген сұрақтың жауабын бала кезде-ақ тапқан. Осы мақсатта Қостанайдағы орта арнаулы заң колледжіне оқуға түсіп, бітірген соң бірден ауылына оралды. Ойындағы арманын жүзеге асыру үшін тәртіп сақшаларының қатарына қосылады. Алғашқы еңбек жолын Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласында учаскелік полицей болудан бастады. Жас маман өзіне міндеттелген ережеге сай жұмыс істеді. Одан кейін Кентау қаласына ауысады. Осында бес жылға жуық уақытта тамаша тәжірибе жинақтады, абыройлы болды. Ал 2008 жылдан бері Сарыағаш аудандық ішкі істер бөлімінде учаскелік инспектор. Оның жақсы азамат, білікті маман екеніне даусыз сенесіз. Батырбек Ералиев 2012 жылы «Үздік учаскелік полиция инспекторы» атағын жеңіп алып, облыс мақтанышына айналды. Қиындығы мен қауіпі қатар жүретін қызметте полицейлер талай қылмыскерлермен бетпе-бет келеді. Заң бұзатын азаматтармен жұмыс жасау оңай емес. Үнемі қалыпта жұмыс істеу үшін жүйкең мықты болып, спортпен тұрақты түрде айналысу керек. Жұмысының жеңіл емесін жете түсінген Батырбек Рүстемұлы жыл сайын кәсіби шеберлігін арттырып, қырағылық пен жылдам әрекет етуді күнделікті ойынан шығармайды.
–Бүгінде жасөспірімдер қылмысқа бейім. Оған дәлел жеткілікті. Мектеп оқушысы түнгі уақытта өзі білім алып жүрген мектепке келіп, құлыбын бұзып кіріп, 10 000 теңге мен ноутбукты ұрлап кетеді. Таңертең мектепке келген ұжым ұрлық болғанын көріп, дереу жергілікті тәртіп сақшыларына хабар береді. Ал, біз келген арыз бойынша тиянақты түрде тергеу жүргізіп, күдіктіні ұстадық. Өкініштісі сол, ұры деп отырғанымыз – мектептің 8-сынып оқушысы. Осы тұста ата-аналарға баланы үнемі бақылауда ұстауға кеңес берер едік. Баламыздың жақсы азамат болып қалыптасуы сіз бен біз үшін, жалпы қоғам үшін байлық дер едім. Тосын оқиғалар 23 жылдық қызметімде көп кездесті, – дейді Батырбек Рүстемұлы. Кейіпкеріміздің қызметте абыройлы болуы – ата-анасының тәлімі мол тәрбиесімен байланысты. Әкесі – Ералиев Рүстембек кеңшарда меңгеруші болып қызмет атқарған. Анасы –Бибаиша Қондыбайқызы – фермада қарапайым жұмысшы болған. 5 баланы бағып-қағып өсірген ата-ана ауылдағы үлгілі отбасы болған. Бір қуантарлығы, «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» дегендей, ағадан тәлім алған інісі Дастан да бүгінде полицей, шені – сержант.
Батырбек бүгінде 1 қыз, 2 ұл тәрбиелеп отыр. Кейіпкеріміз қызметіне байланысты отбасының жанында болуға көп мүмкіндік болмаса да, бос уақыт бола қалса, оны бала тәрбиесіне арнауға тырысады. Батырбектей азаматтың қызметтік жолы өзгелерге үлгі болары сөзсіз.
Жамбыл ҚЫРҒЫЗБАЙ

Батырбек Ералиев – қатардағы полицей. Кейіпкеріміз Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы Жылға ауылында дүниеге келген. Осында Ғ.Мұстафин атындағы орта мектепте оқыған. Батырбек Рүстемұлы «болашақта кім боламын?» деген сұрақтың жауабын бала кезде-ақ тапқан. Осы мақсатта Қостанайдағы орта арнаулы заң колледжіне оқуға түсіп, бітірген соң бірден ауылына оралды. Ойындағы арманын жүзеге асыру үшін тәртіп сақшаларының қатарына қосылады. Алғашқы еңбек жолын Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласында учаскелік полицей болудан бастады. Жас маман өзіне міндеттелген ережеге сай жұмыс істеді. Одан кейін Кентау қаласына ауысады. Осында бес жылға жуық уақытта тамаша тәжірибе жинақтады, абыройлы болды. Ал 2008 жылдан бері Сарыағаш аудандық ішкі істер бөлімінде учаскелік инспектор. Оның жақсы азамат, білікті маман екеніне даусыз сенесіз. Батырбек Ералиев 2012 жылы «Үздік учаскелік полиция инспекторы» атағын жеңіп алып, облыс мақтанышына айналды. Қиындығы мен қауіпі қатар жүретін қызметте полицейлер талай қылмыскерлермен бетпе-бет келеді. Заң бұзатын азаматтармен жұмыс жасау оңай емес. Үнемі қалыпта жұмыс істеу үшін жүйкең мықты болып, спортпен тұрақты түрде айналысу керек. Жұмысының жеңіл емесін жете түсінген Батырбек Рүстемұлы жыл сайын кәсіби шеберлігін арттырып, қырағылық пен жылдам әрекет етуді күнделікті ойынан шығармайды.
–Бүгінде жасөспірімдер қылмысқа бейім. Оған дәлел жеткілікті. Мектеп оқушысы түнгі уақытта өзі білім алып жүрген мектепке келіп, құлыбын бұзып кіріп, 10 000 теңге мен ноутбукты ұрлап кетеді. Таңертең мектепке келген ұжым ұрлық болғанын көріп, дереу жергілікті тәртіп сақшыларына хабар береді. Ал, біз келген арыз бойынша тиянақты түрде тергеу жүргізіп, күдіктіні ұстадық. Өкініштісі сол, ұры деп отырғанымыз – мектептің 8-сынып оқушысы. Осы тұста ата-аналарға баланы үнемі бақылауда ұстауға кеңес берер едік. Баламыздың жақсы азамат болып қалыптасуы сіз бен біз үшін, жалпы қоғам үшін байлық дер едім. Тосын оқиғалар 23 жылдық қызметімде көп кездесті, – дейді Батырбек Рүстемұлы. Кейіпкеріміздің қызметте абыройлы болуы – ата-анасының тәлімі мол тәрбиесімен байланысты. Әкесі – Ералиев Рүстембек кеңшарда меңгеруші болып қызмет атқарған. Анасы –Бибаиша Қондыбайқызы – фермада қарапайым жұмысшы болған. 5 баланы бағып-қағып өсірген ата-ана ауылдағы үлгілі отбасы болған. Бір қуантарлығы, «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» дегендей, ағадан тәлім алған інісі Дастан да бүгінде полицей, шені – сержант.
Батырбек бүгінде 1 қыз, 2 ұл тәрбиелеп отыр. Кейіпкеріміз қызметіне байланысты отбасының жанында болуға көп мүмкіндік болмаса да, бос уақыт бола қалса, оны бала тәрбиесіне арнауға тырысады. Батырбектей азаматтың қызметтік жолы өзгелерге үлгі болары сөзсіз.

Жамбыл ҚЫРҒЫЗБАЙ

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық