jasqazaq.kz

Нағима Есқалиева Ділназ Ахмадиева туралы: Ол сондай жиіркенішті

25 тамыз 2018, 11:29

Әнші Нағима Есқалиева түрлі байқауда өнердегі әріптесі Ділназ Ахмадиевамен бірге қазылар алқасының қатарында болған еді. Сондай кездерде олардың арасында ұрыс-керіс боп тұратыны да жасырын емес. Эстрада жұлдыздарының арасындағы қақтығыс қаншалықты рас? Оны Есқалиеваның өзі айтып берді.

Бұл туралы Gakku.TV арнасының «Если честно» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бағдарлама барысында жүргізуші Тимур Балымбетов Нағима Есқалиевадан өнердегі әріптесі Ділназ Ахмадиевамен арадағы қақтығыстары қаншалықты шын екенін сұрады. Әлде бұл сценарий бойынша жасалатын дүние ме?

«Ол сондай жиіркенішті. Өте жиіркенішті», – деп әзілдеді Нағима Есқалиева.

Өз сөзінде Есқалиева әріптесі Ділназдың жақсы әрі сауатты әнші екенін атап өтті.

«Ол шет тілдер институтын бітіргеніне қарамастан, жақсы, сауатты әнші. Байқауда қатысушы ағылшын тілінде ән айтса, кейде оларды өз мамандығы бойынша сынайды. Мен ағылшын тілін түсінбеймін. Бірақ бастысы ол ән айтып тұр. Иә, арамызда қақтығыс болып тұрады», – дейді Нағима Есқалиева.

Сондай-ақ, ол әріптесімен арадағы ұрыстың кейде бағдарламаны қыздыру үшін әдейі жасайтындарын да мойындады.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді