jasqazaq.kz

Н.Нығматулин: Жаңа заң жобасы тұтынушыларды қауіпті тауарлардан қорғауды күшейтеді

11 қараша 2020, 12:27


Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Онда депутаттар «Техникалық реттеу» туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. 

Бұл туралы  ҚазАқпарат төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Аталған маңызды құжатты талқылау барысында Мәжіліс төрағасы жаңа заң жобасының салмақты тұстарына ерекше назар аударды. Ол бұл заң жобасының қазақстандық нарықты сапасыз тауарлардан қорғауға бағытталғанын айта келіп: «Ең бастысы, өнім қауіпсіз болу керек. Басқа мәселелер, мысалы, өнімге маркировка жасау. Ол жағдайды кәсіпкерлердің өздері шешетін мүмкіндігі бар. Ол үшін товарды қайтаруға, немесе өткізбеуге жол бермеу керек. Себебі, бұл кәсіпкерлер үшін өте үлкен шығын», — деп атап өтті. Енді осы заң жобасына сәйкес, мемлекеттік бақылау өнімді өткізу сатысында ғана емес, оны еліміздің аумағына әкелгенге дейін жүргізетін болады. «Жасыратыны жоқ, осыған дейін басқаша болды. Мысалы, кез келген өнімді біз ең алдымен елге кіргіземіз де, содан кейін тексереміз. Қауіпті жағдай болса, сонда ғана анықтау басталады. Енді өнім Қазақстанға кірмей тұрып, мемлекеттік бақылаудан өтеді. Қауіпті жағдай анықталса, бірден ол тауарды, әрине, қайтарамыз. Бұл өте маңызды, өте қажетті қадам. Сондықтан бұл норманы міндетті түрде қолдауымыз керек», — деді Нұрлан Нығматулин. Палата спикерінің пікірінше, заң жобасына енгізілген түзетулер тұтынушыларды қауіпті тауарлардан қорғауды күшейтеді. Сонымен қатар отырыс барысында депутаттар жауапты мемлекеттік органның басшысына бірқатар сұрақтарын қойды. Еске сала кетейік, заң жобасы Мемлекет басшысының жаңа редакциядағы техникалық реттеу туралы заңды дайындау қажеттігі туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия