jasqazaq.kz

Н.Нығматулин: Кәсіпкер 100 теңгелік қателігі үшін қомақты айыппұл төлеген

25 қазан 2017, 12:34

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.

Заң жөнінде баяндама жасаған Әділет министрі Марат Бекетаевқа Мәжіліс депутаты Анар Жайылғанова болмашы қателігі үшін жауапкершіліктен босату туралы норманың заңда жоқтығына байланысты сұрақ қойды. Әділет министрі өз жауабында бұл норманы енгізуге мемлекеттік органдар арасында келісімге келе алмағандығын атап өтті. Ал Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттардың алаңдаушылығын қолдайтынын мысалмен келтірді. Мәжіліс төрағасы өзіне келген павлодарлық кәсіпкер Тұрсынхановтың хатын оқып берді. «Парламент Мәжілісінде Әкімшілік кодекстің талқыланып жатқанын ескере отырып, Павлодар қаласы мемлекеттік кірістер басқармасымен туындаған мәселені жариялауды жөн көрдім. 2016 жылы маған 318 150 теңге айыппұл салынып, лицензияны тоқтата тұру әрі оны қайтару түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылдым. Осындай ауыр жаза ешбір зұлым ниетсіз жасалған төлемге байланысты болып отыр, яғни есептеу қателігінен туындады. Мен лицензиялық алым аясында 212 100 теңгенің орнына 212 000 теңге төлеген екенмін, яғни 100 теңге кем төледім. Павлодардың мемлекеттік кірістер басқармасы маған айыппұл жазып, лицензия қайтарылды», – делінген хатта.

– Қараңыздар не болып жатқынын! Осындай жағдайлар жиі кездеседі. Біз бизнес үшін қолайлы жағдай жасап жатырмыз деп мәлімдеп жүрміз. Жоғарыда аталған норманы қайтару керек. Жаза деңгейі жасалған құқық бұзушылықпен сәйкес болуы тиіс, – деді Нұрлан Нығматулин.

Бейбіт Тоқтарбай

Астана

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде