jasqazaq.kz

Н.Назарбаев Си Цзиньпинді алдағы G20 саммитімен құттықтады

10 ақпан 2016, 16:35

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге 2016 жылғы қыркүйекте Ханчжоу қаласында өтетін алдағы  «G20» саммитіне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

«Жаһандық экономика тұрақсыздық пен рецессияға шалынуы тұсында Еліңіз осындай ірі де маңызды шараны қабылдауы қайта жаңғырған Азияның ғана емес, күллі  әлем күн тәртібіндегі  өзекті мәселелерді шешудегі Қытайдың рөлін халықаралық қоғамдастық кеңінен мойындауының  жарқын айғағы екені сөзсіз», — деп атап өтілген Мемлекет басшысының Қытай басшысына жолдауында.

Н.Назарбаев алдағы форум алаңындағы диалог жаһандық экономиканы тұрақтандыруға үлкен серпін беретініне және оның ұзақ мерімді дамуының негізгі бағыттарын айқындайтынына сенімін білдірді.

«Қадірлі досым, Сіздің  жеке зейініңіз бен  қолдауыңыздың арқасында Қазақстан-Қытай  қатынастары тың белестерге көтеріліп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық  салаларда жаңа бастамалар қолға алынғанын ерекше қанағат сезіммен атап өтемін. Бүгінгі таңда  елдеріміз үйлесімді  көршілестіктің, бейбіт  қатар өмір сүрудің және бірін-бірі толықтыратын өзара іс-қимылдың шынайы флагманы ретінде танылды», — делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Си Цзиньпинге алдағы «G20» саммитіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты және Қытай Төрағасын «Көктем мерекесімен» құттықтап, оған мықты денсаулық, табыстар және «қытай арманын» жүзеге асырудағы барлық бастамаларына сәттілік тіледі  және Қытай халқының гүлденуіне ізгі тілегін жеткізді.

Дереккөз:ҚазАқпарат агенттігі

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі