jasqazaq.kz

Н.Назарбаев: Әр отбасында қанды із қалды

09 мамыр 2018, 14:02

Нұрсұлтан Назарбаев соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады. Ел президенті Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағындағы салтанатты шараға қатысты.
Президентке құрметті қарауыл құрмет көрсетіп, оркестрдің сүйемелдеуімен ол Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Бір минутқа созылған үнсіздіктен соң республика гимні ойнады.

«Құрметті қазақстандықтар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері! Бүгін Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 73 жыл толып отыр. Уақыт зымырап өтіп жатыр, алайда бұл оқиғаның маңыздылығы ел есінен ешқашана кетпейді. Қаһарлы соғыста әкелеріміз от кешіп, ұрпағының тыныштығы үшін, бейбітшілік үшін елді қалай қорғағаны есімізде. Олар нағыз ерлік көрсетті. 500 отандасымыз Кеңес Одағының батыры атағына ие болды. Бір миллион сегіз жүз мың жерлесіміздің жартысы елге қайта оралмады. Әр отбасында бұл соғыстың қанды ізі қалған», — деді ол.
«Біз бейбіт елміз. Жан-жағымызбен достық қарым-қатынасымызды сақтай отырып, ел ішінде тұрақтылық пен достықты дәріптей отырып біз тәуелсіз елімізді құрудамыз. Бұл болашақтағы көптеген жеңісіміздің бастауы деп санаймын. Бірақ біз бұл соғысты ешқашан естен шығармақ емеспіз. Отар полигонындағы әскери оқу-жаттығу шараларынан әскеріміздің берік екеніне, әскерді арнайы техникамен қамтамасыз еткенімізге, кадрлар даярлағанымызды көрдік. Сондықтан біз елімізді, жерімізді сақтау үшін қолдағы барды жетілдіре түсетін боламыз», — деді ол.

 

nur.kz

 

 

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді