jasqazaq.kz

Мұз тым жұқа: СҚО-да Шоқыну мерекесі қарсаңында ескерту жарияланды

17 қантар 2020, 21:21

Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар православ христиандарының Шоқыну мерекесіне орай тұрғындарды мұз үстіне топталып шықпауды ескертті. Себебі биыл су бетіне қатқан мұздың қалыңдығы небәрі 10-25 см аспайды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Шоқыну мейрамына орай 19 қаңтар күні СҚО-да суға шомылатын 42 орын болады. Бұл жерлерде тек облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ғана 59 маманы мен 25 техникасы кезекшілік атқарады. Бұдан басқа жергілікті атқарушы орган өкілдері мен жедел жәрдем қызметі мамандары жағдайды бақыламақ.

«Жылдағымен салыстырғанда биыл облыс аумағындағы өзен-көлдерде мұздың қалыңдығы өте жұқа. Орта есеппен 10-25 см ғана. Бұрын бұл уақытта ең кемінде 40 см болатын. Осыған байланысты мұз үстіне көп адамның бір мезгілде шығуына қатаң тыйым салынады. Мұздың салмақты көтермей жарылып кету қаупі бар», — дейді СҚО ТЖД басшысының орынбасары Ерік Сарыбаев.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтыр мейрамға байланысты өңірде арнайы жабдықталған 35 орын әзірленді. Мұздай суға сүңгуге 35 мың адам жиналған. Биыл шамамен 50 мыңға жуық адам келеді деген болжам бар.

«Бұл күні шомылумен қатар барлығы шіркеу қызметкерлері арнайы дайындаған жерлерден су алады. Осы су алу кезінде де қауіпсіздік шараларын сақтаған дұрыс. Біз биылғы мұздың жұқа болуына байланысты су алатын жерлерге тақтайдан жолдар жасаймыз. Сол жолдан сыртқа шықпау керек», — дейді Ерік Сарыбаев.

ТЖД мамандарының мәліметінше, соңғы бес жылда бұл мейрамда жарақат алағандар тіркелмеген.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде