jasqazaq.kz

Мұз қалашыққа қанша қаражат бөлінді?

09 желтоқсан 2020, 13:56

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы баспасөз конференциясында айтты.

Пандемия аясында біз біраз қаражатты қысқарттық. Көптеген іс-шара қысқартылды. Мәдени шаралар онлайнға көшті. Аталғандай, қала бюджеті 43 млрд теңгеге дейін оңтайландырылды. Қазір балалар қашықтан білім алып жатыр. Қыс мезгілінде балалар ойнағысы келеді. Саябақтар бар, басқа да қоғамдық кеңістіктерде жағдай жасалуы керек. Ол да ақша тұрады. Мойындау керек. Біз инвесторларды тартып, халықтың көп шоғырланатын жеріне өз қаражатыңызға балаларға ойнайтын алаң жасаңыз деп айтамыз. Ал инвесторлар салмайтын болса, қала тұрғындарының сұранысы бар. Ондайға біз мемлекеттік бюджеттен салып береміз. Себебі тұрғындар жылдағыға үйреніп қалған, — деді ол.

Көлгінов қаланың безендірілуі мен мұз қалашыққа қанша қаржы бөлінгенін айтпады.

Әр ауданның өз шығыны бар. Қазір ол туралы нақты айта алмаймын. Қосымша жауап береміз, — деді ол.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде елордадағы мұз қалашықтың құрылысына 80 млн теңге бөлінді деген ақпарат тараған еді.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде