jasqazaq.kz

Мысырдан ұшып келген 4 қазақстандықтан коронавирус анықталды

11 қантар 2021, 14:40

Мысырдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды. Бұл туралы  Санитариялық — эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

10 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, РФ, Қырғызстан және Өзбекстаннан 23 халықаралық әуе рейсі келді.

2 655 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 283 адам, анықтамасыз 372 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 531 жолаушы, анықтамамен — 1 375, анықтамасыз — 156; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 11 рейс, 1 124 жолаушы, анықтамамен — 908; анықтамасыз — 216.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. Cондай-ақ, 2021 жылдың 9 қаңтарында ПТР анықтамасыз Шарм-эль-Шейх – Қостанай рейсімен келген 4 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия