jasqazaq.kz

Мысырда тұрғын үй салу кезінде ежелгі ғибадатхана табылды

17 қараша 2017, 17:22


ҚазАқпарат — Құрылысшылар Каир маңындағы Кальюбия провинциясында тұрғын үйдің іргетасын қалап жатып ежелгі мысырлық ғибадатхана қалдығын тауып алды, деп жазады «Йоум7» порталы.

Құрылыс алаңына шақыртылған археологтар ғибадатхананың Гор, Исида және Осирис құдайларына арналып салынған деген болжам жасады. Жер астынан құдайлар бейнесі мен көне мысырлық иероглифтер жазылған ғибадатхана қабырғасының бөлшектері табылды. Құрылыс орны жабылып, археологиялық қазба жұмыстары басталды, деп жазды басылым.

Ғалымдардың айтуынша, жер астында ғибадатхананың ғана емес, тұтас көне қаланың қалдықтары жатуы мүмкін. Табылған ғибадатхананың қай дәуірге тиесілі екені әзірге анықталған жоқ.

Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті