jasqazaq.kz

Мырзахметов әйелдердің зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді

24 қыркүйек 2019, 16:42

«Атамекен» басшысы зейнет жасын төмендетумен проблема шешілмейтінін, зейнетақы жүйесін өзгерту қажет екенін атап өтті.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов президенттің қатысуымен өткен ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында әйелдердің зейнет жасын төмендету идеясы айтылғанын еске салды.

Мырзахметов тек зейнет жасын төмендетумен жүйенің проблемаларын шешу мүмкін емес екеніне сенімді. Оны толық реформалау керек.

«Президент вице-премьер Сапарбаевтың басшылығымен топ құруды тапсырды. Біз барлық төлемді бірыңғай әлеуметтік салыққа біріктіріп, оның ставкасын төмендетуді ұсынамыз. Себебі қазір жалақыға үлкен салмақ түсіп жатыр», — деді Мырзахметов.

Сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының пікірінше, осы саланың барлық реформасы жан-жақты тексерілген болуы тиіс. Себебі қазір мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелері аз емес.

Караван

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде