jasqazaq.kz

Мұратхан Тоқмәдиге сот үкімі шықты

16 наурыз 2018, 12:39

Бүгін Жамбыл облысының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында Мұратхан Тоқмәдиге қатысты үкім шықты.

«10 жыл және алты ай қауіпсіздігі ең жоғары мекемеде өтесін. 15 күн ішінде сот шешіміне қатысты шағым түсіруге болады», — деп оқыды үкімді судья Азамат Тілепов. Айта кетейік, сот бір ай уақытқа созылды. Осы уақытқа дейін 50 куәгер тыңдалды, олардың ішінде шетелдік мамандар да бар. Сонымен қатар, сот кезінде оқ көліктің артқы орындығынан атылғаны дәлелдейтін көптеген сараптама қорытындылары келтірілді. Іс жалпы 79 томнан тұрады. Бизнесмен ҚР ҚК-нің 96-бабы 2-тарауының ж, 3 тармақтары бойынша айыпталды. Прокурор Тоқмәдиді 12 жылға соттап, жасалған сараптамалар үшін одан 356 000 теңге өндіріп алуды сұраған. Ал адвокат он жылдан аз беруін сұраған. Мұның алдында сот ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтан Тоқмәди ісі бойынша БАҚ-тың қатысуынсыз жауап алған болатын. Қазақстанның ҰҚк-нің мәліметінше, Мұхтар Әблязовтың тапсырысымен «Банк Туран Алем» АҚ басқарма төрағасы Ержан Тәтішевті өлтіруге күдікті 2018 жылдың 8 наурызында, сағат 19:20-да Мұратхан Тоқмәди Жамбыл облыстық ауруханасынан қашуға тырысқан. Ол жедел түрде Таразда ұсталып, Жамбыл облысы ІІД-нің тергеу абақтысына қамалған.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде