jasqazaq.kz

Мұратхан Тоқмәдиге қатысты сот отырысы басталды

16 ақпан 2018, 10:34

Таразда бизнес Мұратхан Тоқмәдиге қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша сот отырысы басталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

БАҚ өкілдерін залға кіргізбеді. Журналистерге бөлек бөлме берген. Осыған дейін Мұратхан Тоқмәдидің Тараз қаласының сотына жеткізілгені хабарланған болатын. «05.02.2018 Жамбыл облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына М.Ш. Тоқмәдиге қатысты 96-баптың 2 тармағы «ж, з» бойынша қылмыстық іс келіп түсті. Іс материалы бойынша, Алматы қаласында қылмыстық әлемнің «беделдісі» және «Депутаттық корпус» ҰҚТ басшысы М.Ш.Тоқмәди «Банк Тұран Алем»АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Е.Н.Тәтішевті өлтірді деп айыпталып отыр. Бұл қылмыстық іс «Төрелік» ақпараттық жүйесімен судьяға қарастыруға үлестірілген. Қылмыстық істі қараудың мерзімі мен күні белгіленбеді», — деп хабарлаған еді Жамбыл облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіндегілер. Еске сала кетейік, Мұратхан Тоқмәди былтыр 12 маусымда ұсталған болатын. Алматыда арнайы қызмет «Депутаттық корпус» атты қылмыстық топты ұстау бойынша операция өткізген еді. БАҚ-та шыққан ақпарат бойынша, бұл қылмыстық топты «ҚазШыныҚұрылыс» зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди басқарған. Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, оның үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі табылған. Ал таяуда бизнесменге қатысты үкім шыққан. Мұратхан Тоқмәди 3 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды