jasqazaq.kz

Мұратхан Тоқмәди шыққан үкімге келісетінін айтты

16 наурыз 2018, 14:54

Мұратхан Тоқмәдидің ісі бойынша төрелік еткен судья Азамат Тілепов шыққан үкімді түсіндірді.

Еске сала кетейік, «КазСтройСтекло» ЖШС иесі Мұратхан Тоқмәдиге «Тұран Әлем Банкі» АҚ бұрынғы басшысы Ержан Тәтішевті өлтірді деген айып тағылған болатын. Оған тапсырыс беруші ретінде, «Тұран Әлем Банкі» АҚ басшысының өлімін $4 млн-ға бағалаған қашқын олигарх Мұхтар Әблязовтің есімі аталған. Бұрын Тоқмәди «абайсызда өлтіргені» үшін бір жылға сотталып, артынша рақымшылықпен түрмеден босатылған. 2017 жылы М.Тоқмәдиге 1997 жылғы редакциядағы ҚР ҚК 96-бабы 2-бөлімі «ж», «з» тармақтарында (адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, бопсалаумен не бандитизммен адам өлтіру) қарастырылған қылмыстар жасады деген айып тағылып, үш жылға бас бостандығынан айырылған. Бас прокуратура банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты жаңа деректер бойынша тексеріс жүргізіп, осы іс бойынша сот өндірісі қайта жүргізілген болатын. Сотта прокурор Мұратхан Тоқмәдиді 12 жылға соттауды сұраған еді. Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Оған сәйкес Мұратхан Тоқмәди 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Осы мерзімге 2017 жылы Алматы қаласы Алмалы аудандық соты шығарған үкімнің мерзімі де кіреді. М. Тоқмәди жазаны қауіпсіздігі барынша күшейтілген мекемеде өтейтін болды. Сотта төрағалық еткен судья сотталушыдан «осы үкімге келісесіз бе» деген сұрағына Тоқмәди келісетінін айтып жауап берді. Судья Азамат Тілеповтың айтуынша, қазіргі қолданыстағы заңнама бойынша айыпталушының кінәні мойындағаны үшін ғана үкім шығарылмайды. «Сот процессі барысында сотталушының, куәгерлердің, сарапшылардың қатысуымен жауап алу мен тергеу амалдары кезіндегі видеожазбалар көрсетіліп, процесстің барлық қатысушылары тыңдалды. 2004 жылы жасалған қылмыстың мотиві мен жағдайлары бойынша толық дәлелдер келтірілді. Куәгерлердің жауаптары арқылы сотталушы М.Тоқмәди, өлтірілген банкир Е.Тәтішев, ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Н.Дүтбаев пен өлтіруге тапсырыс берген М.Әбіләзовтың арасындағы қарым-қатынастың сұлбасы жасалды», — деді ол. Сотталушының процессуалдық келісімі мен оны М.Тоқмәдидің толық орындауына байланысты заңнамалық тұрғыда жұмсақтық көрсету, Азамат Тілеповтың айтуынша, «сот барысында сотталушы мен куәгерлерден жауап алу кезінде анықталған адам сотталған кезде ғана орындалады».

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде