jasqazaq.kz

Мұрат Әйтенов кезекті рет тұрғындарды бірыңғай қабылдады

08 маусым 2022, 18:59

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті бірыңғай қабылдау өткізді. Қабылдауға 100-ден аса азамат жазылып, өтініштерін білдірді. Тұрғындар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік сала және инфрақұрылым мәселелері жөніндегі талап-тілектерін жеткізді.

«Аманат» партиясының қалалық филиалы ғимаратында өткен біріңғай қабылдауда қала әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары және қаланың бас прокуроры Ғ.Мұқанов, Полиция департаментінің басшысы Қ.Дәлбеков және «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Ж.Бектаева да тұрғындардың жеке мәселесін тыңдады.

Тұрғындардың басым бөлігі жеке мәселесімен келген. 17 азамат баспанамен қамтуды, 15 тұрғын жер телімін үлестіру мен жерді заңдастыру, 10 тұрғын әлеуметтік көмек көрсетуді сұрап келген. Одан бөлек, қоғамдық мәселені арқалап келген 15 азамат жол құрылысының сапасы, мектеп пен емхана құрылысы, бағдаршам орнату, алея салу секілді ұсынысын жеткізді.

Әл-Фараби ауданының тұрғыны үйінің алдына салынған заңсыз құрылысты айтып, әкімге құрылысқа рұқсат берген тиісті басқармалар үстінен шағымын жеткізді. Қаратау ауданының тұрғыны мал шаруашылығымен айналысатындықтан субсидия беруді сұрады. Ал. Абай ауданы Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабынан келген азамат елді мекенге мектеп пен балалар ойын алаңшасын салып беруді өтінді. Забадам шағынауданынан келген азаматша көпір салып беруді, жолға асфальт төсеу және жаяу жүргіншілер жолын салуды сұрады. Сонымен бірге, мектеп салу үшін арнайы жер бөлуге ықпал етуін сұраған кәсіпкерлер де болды.

Сонымен қатар, тұрғындар жұмысқа орналасу, кәсіп бастауға қолдау көрсету, жерді мемлекет иелігіне қайтару, тегін дәрі-дәрмекпен қамту, мүгедектерге арналған инватаксимен мәселелерін де жеткізді.

М.Әйтенов тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, жер учаскелерін заңдастыру бойынша туындаған барлық мәселелер заң талаптары аясында шешілетінін атап өтті.

–Инфрақұрылыммен қамту мәселелері бойынша арыз-шағымдардың азая бастағанын атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі деп қабылдасақ та, жұмыс қарқынын түсірмек емеспіз,- деді қала әкімі.

Шымкент қаласы әкімінің тұрғындарды бірыңғай қабылдауы әр айдың бірінші сәрсенбі күні өтеді. Осы жолғы алғашқы сәрсенбі «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау» күніне байланысты 8 маусымға ауыстырылды.

Тоқтар Жақаш

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде