
Мыңдаған ауғандық пен шетел азаматы Ауғанстан астанасынан кету үшін Кабул әуежайының ұшу-қону жолағына ағылды. Олар ең болмағанда ұшақ ішінде тұратын орын іздеп сабылуда деп хабарлайды The Guardian.
Тәліптер президент сарайына қоныстанғаннан кейін және ел президенті болған Ашраф Гани елден кеткен соң, Кабул орталығынан бес шақырым жерде орналасқан Хамид Карзай атындағы әуежайға енді тек «Талибан» қозғалысының бақылау бекеттері арқылы кіруге болады. АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Канада және басқа да көптеген коалициялық ел өз азаматтарын Ауғанстаннан көшіруге тырысуда. Әуежайдан түсірілген видеолардан адамдардың әуежай ғимаратына баса-көткеп кіріп жатқаны байқалады. Мыңдаған адам, соның ішінде кішкентай балалары бар ата-аналар, ұшу айлағында тұрған ұшақтарға ағылуда. Ал НАТО өкілі барлық коммерциялық рейстер тоқтатылғанын және тек әскери ұшақтар ғана ұша алатынын мәлімдеді.
Another Saigon moment: chaotic scenes at Kabul International Airport. No security. None. pic.twitter.com/6BuXqBTHWk
— Saad Mohseni (@saadmohseni) August 15, 2021
Мыңдаған адам, соның ішінде кішкентай балалары бар ата-аналар, ұшу айлағында тұрған ұшақтарға ағылуда.