jasqazaq.kz

Мұнайдың құлдырауы қай елге пайда әкелетіні белгілі болды

16 наурыз 2020, 12:34

Мұнай бағасының күрт төмендеуінен ең көп пайда табатын энергия ресурстарының 80 пайыздан астамын импорттайтын Үндістан болады.
Мұндай қорытындыға CNBC зерттеуіне қатысқан сарапшылар келді.Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі IHS Markit бас экономисі Раджив Висвас жағдайды ел үшін сыйлық деп атады, өйткені бұл инфляция мен импортқа жұмсалатын шығындарды төмендете алады.
Үндістан ұзақ жылдар бойы әлемнің жылдам өсіп келе жатқан экономикасының бірі болып саналды, алайда соңғы уақытта ішкі және сыртқы проблемаларға байланысты бұл мәртебесінен айрылды. 2019 жылдың төртінші тоқсанында ЖІӨ өсімі 4,7 пайызға дейін төмендеді.
Сарапшының пікірінше, арзан мұнай мен газ елдегі мұнай өнеркәсібі, энергетика және көлік сияқты салаларға дем бере алады. Бұл факторлар Үндістан Банкіне базалық мөлшерлемені төмендетіп, бизнеске арзан несиелер беруге мүмкіндік береді.
Сингапурдағы DBS Group-тың экономисі Радхика Рао Үндістанда жағдайдың жақсаруымен мен базаның төмендігімен бірге ІЖӨ-нің жақсы өсімін көрсете алады деп болжады.
Үндістанда наурыз айына дейін жалғасып келе жатқан қаржы жылында ел мұнайға 95,69 миллиард доллар жұмсады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға аз. Егер мұнай бағасы барреліне 50 доллардан жоғары болса, оған бүкіл үнді импортының 21 пайызы тиесілі болады. Өткен айда Үндістанның Мұнай және газ министрі Дхармендра Прадхан егер мұнай бағасы барреліне 50 доллардан 60 долларға дейін болса, өзінің бақытты болатынын атап өтті.
Айта кетейік, мұнай бағасы екі фактордың әсерінен құлдырады. COVID -19 пандемиясы бүкіл әлем бойынша шикізатқа деген сұранысты төмендетеді, ал ОПЕК және Ресей мәмілелерінің бұзылуы баға соғысына әкелді. Сауд Арабиясы, Ирак,Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктері Еуропаға мұнай жеткізу кезінде рекордтық жеңілдіктер жариялады. Осылайша, олар Ресейден нарықтың үлесін алғысы келеді.

stan.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі