jasqazaq.kz

Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді

17 маусым 2022, 17:59

Жұма күнгі таңертеңгі сауда-саттықта Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 119,68 долларға дейін төмендеді. Бұл туралы Анадолу агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

17 маусымда таңғы сағат 09.42-дегі жағдай бойынша элиталық мұнай маркасының бағасы 0,11 пайызға – баррелі 119,68 долларға дейін төмендеді. WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 117,33 долларды құрады. Бағаның төмендеуіне әлемдік мұнайға деген сұраныстың төмендеу қаупі ықпал еткен.

Сәрсенбіде АҚШ Федералды резервтік жүйесі (ФРЖ) 28 жыл ішінде алғаш рет федералды несие бойынша мөлшерлемені 75 базистік пунктке көтерді.

АҚШ-тың Қытай мен БАӘ-де орналасқан компанияларға Ираннан мұнай экспорттауға көмектескені үшін санкциялары бағаға ықпал еткен. АҚШ Қаржы министрлігі бір күн бұрын Иранға қарсы санкцияларды айналып өтуге көмектескені үшін Қытай мен БАӘ-дегі Triliance Petrochemical Co. Ltd және Petrochemical Commercial Company компанияларына қатысты шектеулер енгізді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр