Қазақстанда мұнай өңдеуді төрт кәсіпорын жүзеге асырады: «Атырау мұнай өңдеу
зауыты» ЖШС, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «ПетроҚазақстан Ойл
Продактс» ЖШС (Шымкент МӨЗ-і), сондай-ақ «CASPI BITUM» БК» ЖШС битум зауыты.
2020 жылғы сәуір айында мұнай өнімдерінің негізгі түрлеріне сұраныс айтарлықтай төмендеді: автобензин мен дизель отынына – 40%-ға, ал авиациялық отынға – 70%-ға.
Бұл мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізушілерінен келіп түсетін өтінімдер динамикасына жасалған талдаудың нәтижесімен расталып отыр. Қоймаларда мұнай өнімдерінің шамадан тыс жиналып қалуын болдырмау үшін Атырау, Павлодар және Шымкент МӨЗ-дерінде мұнай өңдеу мен мұнай өнімдерін шығару көлемдері ең төмен деңгейге дейін азайтылды. Зауыттар өз қызметін жалғастыруда