jasqazaq.kz

Мұнай өңдеу зауыттары егіске қажет дизельдің бір литрін 176 теңгеден сатады

11 мамыр 2022, 12:54

Ақпан-сәуір айларының арасында диқандарға көктемгі егіс жұмыстары үшін 231 мың тонна дизель отыны жеткізілген. Бұл диқандардан түскен өтінім көлемінің 92 пайызына тең, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталмыш деректі ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айттын.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау, сондай-ақ көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы және қалыпты жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 400 мың тонна дизель отыны бөлінді. 2022 жылдың ақпан-сәуір айларында нақты 231 мың тонна немесе 92% жеткізілді», — деді министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, қажетті жанармай өнімдерін тиеп-жөнелту жұмыстарына тәулік сайын бақылау және мониторингтеу жүріп отыр.

«Көктемгі егіс жұмыстарына арналған дизель отынының бағасы мұнай өңдеу зауыттарында 1 тоннасы үшін 212 мың теңге (литріне 176 теңге). Өңірлерге дейін жеткізуді және сақтауды ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін болжамды баға бөлшек сауда бағасынан орташа алғанда 15-30% төмен болады. 2019 жылмен салыстырғанда баға өсімі 8,4%-ды құрайды немесе жыл сайынғы өсімнің 3%-ынан аспайды», — деді Әсет Мағауов.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр