jasqazaq.kz

Мұнай компаниясына жұмысқа кіргізуге уәде беріп, ақшаларын жымқырған

13 тамыз 2020, 15:28

Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция қызметкерлері азаматтарға жоғары жалақы төлейтін жұмыс орындарын ұсынып, ақшаларын алаяқтық жолмен жымқырған әйелді құрықтады. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

35 жастағы әйел бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, дейді полиция. Шілденің ортасында ол Абай мен Саин даңғылдарының қиылысында адамдарды алдаған. Алаяқ сенгіш азаматтарға жұмыс қажет пе деп, сұраған.

«Әйел карантинді пайдаланып, кейбір азаматтардың қазір жұмыстан босатылып жатқанын, мүмкін уақытша жұмыс іздегенін сұраған. Алаяқ — жақсы психолог, ол зардап шеккендермен тез арада әңгімені бастап, оларға мұнай компаниясында жұмыс табуға көмектесетіндігіне сендірді. Ол қызметтері үшін азаматтардан сыйақы алып, бірақ кейін — ақша да, жұмыс та жоқ болған. Қазіргі уақытта осы эпизодтарға сәйкес біздің бөлімге екі адам жүгінді», — деді Әуезов аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлішер Тұрсынбетов.

Полиция күдікті қаланың басқа жерінде «жұмыс істеуі» мүмкін дейді.

Алдаудың басқа эпизодтары болса, азаматтардан полицияға 8-701-852-60-94, 8-707-515-47-35 телефондары арқылы хабарласу сұрайды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия