
Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы әртүрлі бағытта өзгерді.
Лондондағы ICE Futures биржасында тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,06 долларға қымбаттап, барреліне 65,84 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) тамыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай құны 0,07 долларға көтеріліп, бір баррелі 57,83 доллар болды.