jasqazaq.kz

Мына әйел жұртты алдап, жарты миллион теңгесін алып кетті (Видео)

07 мамыр 2021, 23:58

Түркістандық полицейлер алаяқтық туралы істі сотқа жолдады. Әйел қала тұрғындарынан алаяқтық жолмен жарты миллионнан астам теңге алып кеткен. Бұл туралы Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды.

– Түркістан облысы Полиция департаменті Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті бірнеше тұрғын арызданып келді. Яғни, аталған тұрғындар өзінің арызында белгісіз әйел кісі сенімге кіріп, мүгедектікке шығарып беремін деп, жәбірленушілерден 50 мың теңге мен 200 мың теңге аралығында ақшаларын алып, алаяқтық жасап, бой тасалағанын айтып көрсетті, – деді Түркістан облысы ПД КПБ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Шыңғыс Жайлаубек. Азаматша өзін тұрғындарға мемлекеттік қызметкер ретінде таныстырып, мүгедектікті алу бойынша құжаттарды ресімдейтіндігін айтқан. Алайда жәбірленушілер одан не құжаттарын, не ақшаларын ала алмай қалған. Осылайша олар полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары алаяқтың ізіне түсіп, оны қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады. Күдікті әйел еш жерде жұмыс істемейтіндігін, кәмелетке толмаған екі баланы жалғыз тәрбиелеп отырғандығын жеткізген. Тергеушілер ұсталған әйелдің осындай 15 алаяқтық фактісіне қатысы бар екенін анықтады. Іс материалдары сотқа жіберілді. Түркістан облысында осы жылдың алғашқы үш айында полицейлер 159 алаяқтық дерегін тіркеді.

Ақпарат көзі Polisia.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия