jasqazaq.kz

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар әлеуметтік қызметті портал арқылы тапсырыс бере алады

19 шiлде 2022, 18:53

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Полатқызының қатысуымен халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту іс-шараларының жүзеге асырылуы туралы өткен баспасөз брифингте мәлім болды.

– 2020 жылы іске қосылған әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс бере алады. Яғни, бұл санаттағы азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беруге қол жеткізе алады.

Жыл басынан бері протездік-ортопедиялық құралдарға мүгедектігі бар азаматтардан 4 921 құралға өтініш қабылданып, 1 818 құрал қамтылды. Сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдарға 10 566 құралға өтініш қабылданып, 9 215 құралмен қамтылды.
Мүгедектерге арналған қол арба құралдарына 876 өтініш қабылданып, 339 құралмен қамтылды. Жеке көмекші, судр мамандарының қызметіне 2 449 азамат мұқтаж болса, 2 228 азаматқа қызмет көрсетілді, 8 438 азаматтан шипажай орындарына емделу үшін жолдамаға өтініштер қабылданып, 1 368 азамат қамтылды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған, арнайы жабдықталған «Инватакси» қызметіне 437 азаматтан өтінім қабылданып, 18 387 өтінімге қызмет көрсетілді.Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп-тұруы қиын 1-2-ші топтағы мүгедектерге емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға бару үшін арналған «Әлеуметтік такси» 58 автокөлікке 886 азаматтан өтініш қабылданып, 15 428 өтінімге қызмет көрсетілуде. Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 2022 жылы 100 жолдама берілді, — деді Б.Нарбекова.

Айта кетсек, қазіргі таңда Шымкент қаласында 37 901 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Оның ішінде бірінші топтағы мүгедектер – 3 534, екінші топтағы мүгедектер – 14 863 , үшінші топтағы мүгедектер – 12 459, 18 жасқа дейінгі 7 045 мүгедек бала тіркелген.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр