jasqazaq.kz

Мүмкіндігі шектелсе де, жұмыспен қамтылады

02 тамыз 2019, 17:48

Нұр-Сұлтан қаласында жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі 352-ден астам азамат әлеуметтік жағынан қорғау шараларымен қамтылып, оның ішінде 324 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

352 азаматтың 56-сы тұрақты жұмысқа орналасса, 236 азамат қоғамдық жұмыстарға жіберілген. Қалған 22 мүмкіндігі шектеулі жан әлеуметтік жұмыс орындарында қызмет етіп жүр. Сондай-ақ, 10 жоғары оқу орнының түлегі «Жастар практикасы» жобасы бойынша алғаш рет тәжірибе жинақтауда. 27 азамат тігінші, дәнекерлеуші, анимация және видеографика, тігінші, аспаз мамандықтары бойынша қысқамерзімді курстан өтуде. Оқуын сәтті тәмамдаған 1 қатысушыға жаңа бизнес-жоспарын жүзеге асыру үшін 100 АЕК көлемінде грант берілген.
Халықты жұмыспен қамту орталығы еңбекке қабілеті бар мүмкіндігі шектеулі барлық азаматтарға жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметтер түрін ұсынады. Оның ішінде жұмыспен қамтуға ықпал ету, кәсіби даярлау, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу, жаңа бизнес-жоспарын дамытуға грант бөлу, арнайы жұмыс орындарын құру және тағы басқа бар. Әйтсе де, осы санаттағы адамдарды жұмыспен қамтуға байланысты талдау бойынша, қалада жұмыс берушілер 2-ден 4 пайызға дейінгі мөлшерде жұмыс орындарының квотасын сақтамағаны анықталды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Б. Ғарифуллин: «Жұмыс берушілерді еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етіп, оларға сәйкесінше жұмыс орнын жасақтап беруге шақырамын. Аталған квотаны орындамағандар әкімшілік жауапқа тартылады. Бірақ, дәл осы сұраққа келгенде салынатын айыппұл емес, азаматтық жауапкершілік басты орында тұруы қажет», –деді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде