MyMAIL «Есіктен – Есікке дейін» жеткізу

22 қыркүйек 2022, 12:10

MyMAIL «Есіктен – Есікке дейін» жеткізу

Air Astana «Есіктен – есікке дейін» MyMAIL пошта жеткізудің жаңа қызметін іске қосқаны туралы хабарлайды.

Қазіргі уақытта пилоттық режимде Алматы мен Астана қалалары арасында жедел поштаны жеткізу Air Astana компаниялар тобының тікелей рейстерімен қолжетімді.

Жеткізу туралы өтінішті https://mymail.airastana.com/ сайтында сәлемдеменің түрі мен салмағы, сондай-ақ жөнелтуші мен алушының мекен-жайы көрсетілген онлайн режимінде жасауға болады. Қызметтің құны жөнелту және келіп жету әуежайларынан мекенжайлардың қашықтығына байланысты. Тапсырыс нөмірі бойынша сәлемдемені қадағалау функциясы қол жетімді.

Жеткізуге қабылданатын заттар:

1. Салмағы 5 кг-ға дейінгі жазбаша хат-хабар

2. Салмағы 5 кг-ға дейінгі және 35х45х15см-ден аспайтын сәлемдемелер

3. Құжаттардың түпнұсқасы (соның ішінде төлқұжат, жүргізуші куәлігі және т.б.)

Әуежайда қауіпті жүк пен жөнелтуге тыйым салынған заттардың бар-жоғын визуалды тексеру үшін жөнелтілімдер жабылмаған түрде қабылданады. Жөнелтуге тыйым салынған заттар тізімі mymail.airastana.com сайтында жарияланған. Тұтынушылар қалауы бойынша келіп жету әуежайынан ғана жеткізуді рәсімдей алады.

Анықтама үшін телефон: +7 727 270 3140, +7 727 270 3053

29 қыркүйек, 16:02
Күрсінбейтін, күлімсірейтін кісі еді
29 қыркүйек, 15:57
Бір ел – бір мектеп
29 қыркүйек, 15:36
Ерлан Нысанбаев: Алматының экологиялық ахуалы жақсарады
29 қыркүйек, 15:33
Салық төлегісі келмей ме, әлде...
19 қыркүйек, 11:22
Болат Оспанов: Біздің мақсатымыз - ұлттар арасындағы татулықты сақтап, бірлігі мығым ұрпақ өсіру
18 қыркүйек, 13:32
Нағыз қазақ – домбыра!
15 қыркүйек, 16:26
Отандық өнімді салықпен қолдау
13 қыркүйек, 11:23
Нұрлан Қиқымов: Мақсатымыз - деструктивті идеологияның алдын алу
11 қыркүйек, 16:47
Күнгей бағыттың келешегі