jasqazaq.kz

Мылтықпен үш адамды жаралады

28 шiлде 2020, 12:37

Батыс Қазақстан облысында ер адам мылтық атып, үш ауылдасын жарақаттаған.

Оқиға Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылында болды. Ішімдік ішіп алған 1965 жылғы тұрғын, шаруа қожалығының басшысы сол күні Хан ордасындағы ағасының үйіне «КамАЗ» көлігімен келген.

Түскен бойда аула ішінде қамсыз тұрған адамдарды нысанаға алып, оқ жаудырған. Бес ересек және бір кәмелетке толмаған жасөспірім көліктерді қалқан қылып, жасырынған.

Соның өзінде үш адам іш құрылысы мен аяғынан түрлі жарақат алған. Тағы бір ауыл тұрғыны ауылдастарына оқ атқан ер адамның артынан байқатпай келіп, мылтығын тартып алған. Сосын қарудың ішіндегі оқтарын алып, тасқа соғып, мылтықтың ұңғысын майыстырып тастаған.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жарақат алғандардың үшеуі де – 1993 жылғы, 27 жастағы ауыл тұрғындары. Қазіргі кезде күдікті тергеу изоляторында отыр. Бөкей ордасы полиция бөлімі ҚР ҚК 24-бабы, 3-бөлігі 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағына (адам өлтіруге оқталу) сәйкес тергеу амалдарын жүргізуде.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия