jasqazaq.kz

Мұқтаж жанға 1000 теңгеден жинап үй алып берді

20 ақпан 2018, 13:37

Акция

«Харекет» қайырымдылық қоры «1000 теңгеге баспана» акциясымен мұғалжарлық ІІ топ мүгедегі Динара Мәжиеваға баспана сыйлады. Бұл — аталмыш қордың бастамасымен сыйға беріліп отырған екінші пәтер. Бұл туралы «Ақтөбе газеті» хабарладады.

Бұған дейінгі алғашқы пәтердің кілті Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласының көпбалалы отбасына бұйырған еді. Қайырымды жандардың септігімен келесі пәтердің кілті Мұғалжар ауданына қарасты Сағашилі ауылында ұлымен пәтер жалдап тұрып келген Динара Мәжиеваға табыс етілді.

Пәтер кілтін табыстаған «Өнер қырандары» театрының актеры Жанболат Найзабеков барша қазақстандықтарды қайырымды іске жұмылып, акцияға атсалысуға шақырды.
Айта кетейік, халықтың демеуімен жетім-жесірлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көпбалалы отбасыларға қол ұшын созуды мақсат еткен «Харекет» қайырымдылық қорының еріктілері өткен жылдың қараша айынан бастап жұмыс істеп келеді.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды