jasqazaq.kz

Мұқтаж отбасыларға ақша жинаған: Елордада алаяқ бойжеткен ұсталды

30 қараша 2020, 14:50

Елордада мұқтаж отбасыларға көмек көрсету желеуімен ақша жинады деген күдікпен 21 жастағы алаяқ бойжеткен ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Күдікті бұған дейін ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Тергеу барысында ұсталған бойжеткеннің 2019 жылдың қаңтарынан бері интернет желісін пайдаланушыларға қатысты бірнеше рет алаяқтық жасағаны белгілі болып отыр. Мәселен, ол Instagram әлеуметтік желісінде аз қамтылған отбасыларға ақша жинау және қайырымдылық көрсету желеуімен «komissionka_nursultan» деп аталатын парақша ашқан. Аталған парақшаға жазылғандардың бірі бойжеткеннің әрекетінен күдіктенген.

«Мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуді шешкен ол бойжеткеннің банктік картасына 20 500 теңге ақша аударған. Зардап шегушінің айтуынша, біраз уақыт өткеннен кейін оның әрекетінен күдіктене бастаған. Көмек көрсету үшін мұқтаж отбасылармен кездестіру өтінішіне түрлі сылтау айтып, кейіннен байланысқа мүлдем шықпай қойған. Өзін алдап кеткенін түсінген зардап шегуші полицияға жүгінген», — делінген таратылған ақпаратта. Ұсталған күдікті алаяқтық жасағанын мойындап отыр. Қазіргі уақытта оның үстінен ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі бойынша 10 эпизодпен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Келтірілген жалпы шығын – 400 мың теңге. Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті аталған қыздың алаяқтық әрекетінен зардап шекен азаматтарды Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайына келуге немесе 8 (7172) 41-63-35, 71-67-08 телефон нөмірлеріне хабарласуға өтініш жасап отыр.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия