jasqazaq.kz

Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты

19 наурыз 2020, 10:49

Семейдегі ОВ-156/14 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оны қолдаған бір топ адам түрме қақпасы алдынан қарсы алды. Ол таңертең шығады деп күтілген. Жәкішевті мінгізген көлік түрме территориясынан сағат 10.20 шамасында шықты.

3 наурызда Семейде «Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің ісі бойынша сот отырысы өтті. Судья оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Бүгін — 19 наурызда шешім өз күшіне еніп, Жәкішев түрмені тастап, бостандыққа шықты.

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының бұрынғы басшысы 2009 жылы ірі уран кен орындарындағы мемлекет акцияларын сатты деген айыппен ұсталған. 2010 жылы сот Жәкішевті ақша жымқырды және пара алды деп айыптады. Оған 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

2018 жылы 28 қарашада Семей соты 99,6 млрд теңге көлемінде өтемақы төлемегендіктен Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын бас тартты. Екінші рет, шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартты. 2019 жылдың 24 шілдесінде де осы негіздегі өтініш қанағаттандырылмады. Ол шартты түрде мерзімінен босату туралы үшінші өтініш жолдады. Ол сотқа 6 ақпанда келіп түсті.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия