jasqazaq.kz

Мұхтар Тайжан: Сотталған жандар «көлеңкеге» кетуге мәжбүр

05 қыркүйек 2019, 12:58

Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан жазасын өтеген қазақстандықтардың құқығы шектеліп отырғанын мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Бүгін өткен «Ашықтық. Айқындық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет» атты дөңгелек үстелде қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан жазасын өтеген жандардың азаматтық құқығы тапталып жатқанын айтты. « Жазасын өтеп шыққан адамдар 5-7 жыл жеке сәйкестендіру нөмірінсіз өмір сүруге мәжбүр. Осының салдарынан не сенімхат жаза алмайды, көлігін немесе өзін сақтандыра алмайды. Қолданыстағы заңнама оларды осылайша заңдастырылмаған ортаға ығыстырып тастаған. Олар «көлеңкеге» кетуге мәжбүр. Жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған соң олар заңды жолмен жұмысқа да орналаса алмайды. Тіпті таксиші болып та жұмыс істеуге құқығы жоқ. Бұл қазіргі заңнамаға келіп тіреледі. Заңнамада осы олқылық ескеріліп, түзетілуі керек», — деді Мұхтар Тайжан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде