jasqazaq.kz

Мұхтар Шаханов екі-үш күнде ауруханадан шығады

20 шiлде 2020, 16:38

Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Мұхтар Шаханов ауруханадан екі-үш күнде ауруханадан шығарылатын болды. Бұл туралы Құдияр Біләл facebook парақшасында хабарлады.

СҮЙІНШІ ХАБАР!!!
Қазір ғана Мұхтар Шаханов ағамызға жолығып қайттық. Аурухана қаланың сыртында. Ішке кіргізбейді. Мұхтар ағамызбен терезе сыртынан тілдестік. Жағдайы жақсы. Дәрігері: «Екі-үш күнде шығарып қаламыз», — деді.

Сосын өз тілінде Мұхаң ауруының мөлшерлік деңгей көрсеткішін айтып шықты. Біз өз тарапымыздан: «Ол қанша болуы керек еді?», — деп сұрадық. Білгеніміз, Мұхаңдыкі сол қалыпты деңгей шамасында екен.

Дәрігер де қазақ қой, ол да: «Әлеуметтік желіде айтылып жатқан әңгімелерді біз де естідік. Сондықтан дәрігер ретінде айтамын. Мұхтар Шахановтың жағдайы өте жақсы. Менің осы сөзімді халыққа жеткізіңіз», — деді.

Мен дәрігер қарындасыма: «Мұхаңды жақындау жерден суреттке тартып беріңізші», — деп өтініш жасадым. Мұхаң өзін суретке түсіретінін білгенде шашын тарақтап, реттеле бастады.
Жалпы ауруханадан осындай қуанышты көңіл ауанында қайттық. Баршаңызға рахмет, тілеулес ағайын!

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде