jasqazaq.kz

Мұхтар Құл-Мұхаммед: Соловьевтің шоуындағы шабуылға РФ билігі объективті жауап беруі керек

24 қараша 2022, 11:20

ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Ресейдің телеарнасында сұмырай Соловьев жүргізген бағдарламадағы ресейлік сарапшылардың сөздеріне түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соловьев әлемнің көптеген елдерінде бұрыннан нон грата алған адам болатын және қазір бүкіл жердегі санкциялық қара тізімдерді көш бастап келеді. Сондықтан ыза-кектің буынан ол елдің бәріне жармасып улы сілекейін шашып жүр. Бұрын «Россия 1» бірінші арнасында ол Алматыға бомбаларды «тастап жіберу» туралы да айтқан болатын. Бағдарламаның қонағы – Мемлекеттік Думаның депутаты Онищенко да одан қатты шошынып қалған еді», — деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Сондай-ақ, ол Соловьевтің баршаны деген жек көруі кесірінен көбінесе өзеуреп өзі сөйлеп, бағдарламаның меймандарын жанжал мен арандатуға итермелейтінін атап өтті. Және оның бәрі тікелей эфирде және есуас кейпінде болатынын тілге тиек етті.

«Ресейлік саясаттанушы Дробницкийдің «келесі мәселе Қазақстан болуы мүмкін. Өйткені ұлтшылдық үрдістері сол жерде де басталуы ықтимал» деген сөзінен біздің елімізге тікелей қатер төндіру анық байқалып отыр.

Егер ол Еуразиялық экономикалық одақ пен ҰҚШҰ-да бізбен бірге тұрған өзімізге дос Ресейдің мемлекеттік арнасының эфирінде көрсетілмесе, дүдәмал сарапшы-фантаст Дробницкий-Жуковтың пікіріне назар аудармас едік. Ресейлік саясаткерлердің осындай екпінді, мақсатты шабуылдары Соловьевтің шоуында бұрыннан жүйелі түрде жалғасып келе жатқандықтан, олар Ресей Федерациясының федералды билігі тарапынан объективті жауапқа лайық» деп баға берді Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

Сөз соңында Мұхтар Құл-Мұхаммед «Қазақстан 30 жылдан астам уақыт бойы тәуелсіз мемлекет екенін, Соловьев пен сол секілді саясаткерлер шынайы шындықты түсініп, жаңа геосаяси ақиқатпен санасуды үйренетін уақыт келгенін атап өтті.

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта