
Америкалық Әсия Бергер өзінің биологиялық ата-анасы Қуат пен Құралай Ашқановты іздейді. Оның айтуынша, олар Қазақстанда Семей өңірінде тұруы мүмкін.
Қыз 2000 жылы дүниеге келген. 2001 жылы оны америкалық отбасы асырап алған, қазіргі аты-жөні — Әсия Бергер. Жаңа отбасында оның бір әпкесі, бірі сіңлісі бар, ол — ортаншы қыз. Қазір Әсия Флоридада тұрады және колледжде оқиды.
Оның, әу бастағы азан шақырып қойған аты-жөні — Салтанат Ашқанова болыпты.
«Алдымен өзімді таныстыра кетейін, менің аты-жөнім — Айжа Бергер. Бұл есімді маған америкалық ата-анам қойған. Ал қазақша есімім — Салтанат. Мені Семейден асырап алған. Мен сол жерде дүниеге келгенмін бе, ол жағын нақты білмеймін, бірақ мені асырап алған балалар үйі Семейде жалғыз-тұғын. Мені 16 айға толғанда, 2001 жылы асырап алды. Мен өзімнің биологиялық ата-анамды тапсам деп шешім қабылдадым. Осыны қалайтынмын, соның сәті енді туып тұрған секілді», — деді ол Facebook қолданушысына берген сұхбатында.
Ол әрдайым өзінің асыранды бала екенін білген. Өйткені мұны жасыру мүмкін болмаған, өйткені оның америкалық ата-анасының кескіні — еуропалық.
Ол бала асырап алу процесінің егжей-тегжейін білмейді. Тек ата-анасы ұл асырап алғысы келгенін, бірақ соңында өзін асырап алғанын біледі.
Оның биологиялық ата-аналары — Қуат пен Құралай Ашқановтар. Қыз әке-шешесін іздеу туралы шешім қабылдаған, ал бұл шешімін оның америкалық ата-анасы қолдапты.
zakon.kz