jasqazaq.kz

Мұхаммед Салах «Реалға» өз талабын айтты

03 сәуiр 2018, 16:08

Мадридтің «Реал» футбол клубы мысырлық шабуылшы Мұхаммед Салахпен келіссөздер жүргізуде, — деп жазады Don Balon басылымы. Ал футболшы «корольдік клубқа» өз талабын да айтқан.

25 жастағы футболшы мадридтік клубқа негізгі құрамнан орын берсе ғана баратынын ескерткен. Сондай-ақ командада Роналдудан кейін ең жалақы алатын ойыншы атанғысы келеді. Футболшы бұл талаптары орындалмаса, «Реалға» ауысқысы келмейді.

«Ливерпуль» командасы Мұхаммед Салахқа алтыжылдық жаңа келісімшарт ұсынуға даяр. Егер ойыншы келісімін беретін болса, айына 800 мың фунт стерлинг алатын болады.

Жартылай қорғаушы осы маусымда 42 ойынға қатысып, 37 гол соқты. 12 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының ширек финалында «Ливерпуль» мен «Манчестер Сити» кездеседі. Ал бүгін түнде «Ювентус» – «Реал Мадрид», «Севилья» – «Бавария» кездесулері өтеді. Ойындар Астана уақытымен сағат 00:45-те басталады.

Vesti.kz

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды