jasqazaq.kz

Мұхамеджан Тазабектің полицейлерге оқыған дәрісінен кейін тексеріс басталды

10 қазан 2019, 17:12

Ішкі істер министрлігі «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабектің полицейлерге оқыған дәрісінен кейін тексеріс бастады.

Бұл туралы министрдің орынбасары Алексей Калайчиди айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. «Әр мемлекеттік органның ақпараттық жұмыстар өткізуінің жоспары бар. Олар шақыруға лайықты деп таныған қоғам қайраткерлерін әңгімелесу немесе басқа да мақсатта шақырады. Қазіргі уақытта осы кездесудің қаншалықты қажет болғаны, онда қандай мақсат болғаны және форматы мен мазмұны тексеріліп жатыр. Қорытындысы бойынша баға беріп, шешім қабылдаймыз. Тексеру аяқталмай, пікір айтқым келмейді», — деді ІІМ басшысының орынбасары Алексей Калайчиди журналистердің сұрағына жауап бере отырып. Оның айтуынша, мамандандырылған күзет қызметі басқармасы Мұхамеджан Тазабекті кездесуге шақырған болуы мүмкін. Осыған дейін, Желіде Тазабектің полицейлер алдында сөз сөйлеген видеосы жарияланды. Желі қолданушылар арасында осы видео кеңінен талқыланды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда