jasqazaq.kz

Мұхамедиұлы: Сәпиев Полторанинмен байланыста

05 наурыз 2019, 11:14

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы шаңғышы Алексей Полторанинге қатысты жүргізіліп жатқан тергеу жайлы пікір білдірді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Үкімет отырысы кезінде ол журналистерге таяуда спортшының өзі допинг дауы бойынша пікір білдіретінін айтты. «Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев спортшымен байланыста. Оған хабарласты. Сәрсенбіде сіздерге осы жағдайға қатысты толық пікір білдіреміз. Осыған дейін оның допинг қолданбағаны айтылды, ол тек қолданайын деген. Сәрсенбіде өзі барлығын айтады. Алексей Полторанин байланысқа шығады, сәрсенбіде барлығын түсіндіріп айтады», — деді министр журналистерге.

Ведомство басшысы таяуда Қазақстанда допинг қолданған спортшыларға қатысты шаралардың күшейетінін айтты. «Өздеріңіз білетіндей, спорт туралы заңға өзгертулер енгіздік. Әрине, допинг қолданғандарға қатысты шараларды күшейтеміз. Бұл біздің принциптік позициямыз», — деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда