jasqazaq.kz

Мұхамедиұлы: «Өмірлік мәні жоқ фильмдерді көрсетуді доғару керек»

20 ақпан 2019, 11:42

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы отандық фильмдердің түсірілімі жайлы пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Біз тек тарихи фильмдер ғана емес, біздің қоғамға пайдасын тигізер дүниелерді түсіреміз. Таяуда ғана «Қыз бен Теңіз» фильмінің тұсау кесері өтті. Бұл ерекше фильм. Басты рөлдерді кәсіби емес мүмкіндігі шектеулі актерлер ойнады. Өте әсерлі фильм. Бізге не қажет? Біз халықтың ар намысын асқақтатып, рухты көтеретін фильмдер түсіреміз.

Бізге тарихи фильмдер, әлеуметтік фильмдер, толықметражды анимациялық фильмдер көрсету керек. Өмірлік мәні жоқ фильмдерді көрсетуді доғару керек, онда фильмнің не туралы екенін де түсінбейсің. Виртуалды махаббат, истерикалық махаббат, қандай да бір махаббат. Не махаббат жоқ, не тарих жоқ, ештеңе жоқ», — деді министр министрліктің кеңейтілген отырысында.

Айта кетейік, 2019 жылы қаңтардан бастап, прокат және көрсетілімдер қазақ тілінде жүргізілмейтін фильмдер аударылуы тиіс немесе субтитр арқылы көрсетілуі керек.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде