jasqazaq.kz

«Мүгедектікке шығарып беремін» деп алдаған әйел ұсталды

11 тамыз 2020, 14:05

Түлкібас ауданында “мүгедектік бойынша жұмысқа жарамсыз” деген қағаз алып беремін, деп бірнеше тұрғыннан ақша алған алаяқ күдікті әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас аудандық полицейлері «мүгедектікке шығарып беремін» деген желеумен бірнеше тұрғындардың ақшасын жымқырған күдікті әйелді ұстады. Нақтырақ айтсақ, өткен жылдың тамыз айында Түлкібас ауданының жергілікті тұрғынын танысы “мүгедектікке шығарып беремін” деп алдап, құжаттарымен бірге 200 мың теңгесін алып кеткен. Осы уақыт аралығында мүгедектікке шыға алмаған, ақшасын қайтара алмаған тұрғын сан соғып қалғанын түсініп, АПБ–не арызданып, полицияның көмегіне жүгінген. Осы секілді арыздарымен полицияға тағы да бірнеше тұрғындар шағым түсіріп, алаяқтың арбауына түскендерін жеткізді.

Аталған жайттар ҚР ҚК–нің 190-бабымен “Алаяқтық” тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп–тексеру жұмыстары жүргізілді. Аудандық полицейлердің кәсіби шеберлігінің, қырағылығының арқасында жоғарыдағы төрт бірдей жәбірленушілердің арызына орай шұғыл түрде іздестіру шаралары жасалды. Жедел іздестірудің нәтижесінде күдікті әйел тұрғылықты мекен–жайынан ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында күдіктінің төрт жәбірленуші әйелді алдап, жалпы көлемі 1 миллион теңгеге жуық қаржыны иемденгені белгілі болды.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия