jasqazaq.kz

«Мүгедек ұлымды 6 еркек зорлап келген» — келестік ана әділдік іздейді (Видео)

06 наурыз, 15:29

Түркістан облысында тағы бір жантүршігерлік жағдай орын алды. Оқиға Келес ауданында болған. Анасының сөзінше онда, 24 жастағы мүгедек жігітті 6 еркек зорлап келген. Жылдар бойы көрген қорлығын жарымжан жан анасына айтып беріпті. Әділдік іздеген әйел арнамыздан араша сұрады. Бұл туралы Otyrar телеарнасы хабарлады.

Онсыз да тағдырдан теперіш көрген, мүмкіндігі шектеулі баласының басынан өткерген сұмдық жайтты баяндаған ана, әділдік іздейді. Естіген жанға жаға ұстатқан оқиға Түркістан облысы Келес ауданында орын алған. Перзентінің болашағы үшін аты-жөнін атамауды жөн санаған әйел, 24 жастағы мүгедек баласын 6 бірдей еркек зорлап келгенін айтады. Ең сорақысы оның 3-і өзінің туыстары болса, қалғаны ауылдастары көрінеді. Айтуға ауыз бармайтын арсыздықты жасады дегендердің арасында кәмелет жасына толмағандар да бар екен.

Айгүл (есімі өзгертілді): «Қайнымның 3 баласы, бір үйдің 3 баласы бұл жерде. Кезек-кезегімен істеп келген. Одан кейін өзінен 10 жас кішкентай бала да зорлап келген бұны. Өзінен үлкен де, кіші де зорлап келген. Менің күйінетінім сол»

Әйелдің сөзінше, күдіктілер 14 жылдан бері ұлына қорлық көрсетіп келген. Болған жайттың барлығын оған баласы айтып берген көрінеді. Ашынған ана, перзентімнің психикалық және сөйлеу дамуы артта қалса да көрген қорлығы жанына батқан соң, шыдамай бәрін жайып салды дейді.

Айгүл (есімі өзгертілді): «Қиналған. Қанағаннан кейін, тыныштық бермей, бірінен соң бірі істегеннен кейін маған 18 ақпан күні айтып берді болған жағдайды. Содан бері отырмын. Барынша әділ шешім шығатын шығар деп күтіп отырмын. Бірақ көзім жетпейді. Ләжі болса әділ шешілсе екен деймін»

Жәбірленуші тараптың қорғаушысы қылмысты жасады деп күдікке ілінгендердің бостандықта жүргенін мәлімдеді. Сондай-ақ, істің қылмыстық кодекстің 121 бабы бойынша қозғалғанын жеткізді.

Гулайхан Турсуманова, Шымкент қалалық адвокаттар алқасының адвокаты:
«Жәбір алған жігіттің денсаулығы қалыпты. Осы оқиға бойынша анасына жауап бергенде кім тиіскенін, қалай, қашан тиіскенін, қай жерде анық-қанық айтып отыр. Бір айдан кейін экспертиза қорытындылары дайын болады. Сол кезде әрі қарай тергеу амалдары жүргізіледі»

Ал, Полиция күдіктілерден жауап алғандарын ғана мәлім етті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі: «Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер 6 жергілікті тұрғынды жеткізіп, жауап алды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды және жедел тергеу шаралары жалғасып жатыр».

Жығылғанға жұдырық! Бүгінде перзентінің қорлық көргенін ашық айтып, жанұшыра әділдік іздеген ананың өзі де қысымға ұшырап отырғанын айтады. Сөзінше оны ауыл тұрғындары арызын қайтарып алуға көндірмек болған көрінеді. Кері жағдайда, ауылдан кетесің деп қорқытты дейді. Ал, ашынған ана кінәлілердің жауапқа тартылып, қатаң жазалануын талап етіп отыр.

 

Бүгін, 11:14
"Таза Қазақстан": Алматыда экологиялық жұмыстардың аралық қорытындысы шығарылды
26 қараша, 18:40
Алматыдағы зообақты кең көлемде жаңғырту жоспарланып отыр
26 қараша, 14:07
Алматыдағы ауыз су сапасы барлық санитарлық талаптарға сай
25 қараша, 18:30
«Таза Қазақстан»: Алматының Жетісу ауданында Сейфуллин–Жансүгіров жолайырығын көгалдандыру жалғасып жатыр
18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті