jasqazaq.kz

Мүгедек қызын 3 жыл бойы далаға шығармай, байлап ұстаған

15 қантар 2019, 15:40


Алматыда мүгедек қызын ит қорлықта ұстап келген Анна Иванованың ісі сотқа түсті.

 ҚазАқпарат жазғандай,  13 жастағы Диана Иванованың туған анасы Анна Ивановаға бірнеше бап бойынша айып тағылған. Әйел адам кәмелеттік жасқа толмаған баланың денсаулығына қасақана зақым келтіргені, бала тәрбиелеуде міндетін дұрыс атқармағаны үшін жауап береді. «Іс сотқа түсті. Қылмыстық істі Алматы кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сот қарайтын болады. Процесс жабық режімде өтеді. Сот алдында қыздың анасы Анна Иванова жауап береді», — деді баспасөз қызметінен. 13 жастағы мүгедек қыз Диананың жағдайы бүкіл елді шошытқан болатын. Анасы оны 3 жыл бойы далаға шығармай, байлап ұстаған. Баланың адам төзгісіз жағдай өмір сүріп жатқанын көрген Қапшағай тұрғыны Надежда Барсукова 2017 жылдың 17 тамызында Надежда Барсукова Аннаны көндіріп,оны сенімхатпен қамқорлығына 3 жылға алып кеткен. Содан бері жас қыз жаңа отбасына үйреніп келеді. Қазір Диананың әке-шешесі, екі інісі бар. Сал ауруымен ауыратын Диананың оң жақ қолы мен аяғында гемипарез байқалады. Құлағы кесілген, қол-аяғы, мұрны сынған. Тістері түсіп қалған. Аузында қоянжырық сияқты ақауы бар. «Бастапқы үш айда түнімен шыңғырып, жылап шығатын. Психикасы аса ауыр зақым алған еді. Қазір де кейде бірнәрсеге жұмсасаң, ұмытып қайтып келеді немесе қайда тұрғанын ұмытып қалады. Бізге осы тығырықтан шығу үшін 1 жыл психологпен жұмыс істеуге тура келді. Баламның психикасы орнына келді», — дейді Н. Барсукова. Диагнозының ауырлығына байланысты Диана мектепке бармайды, оны жергілікті мектептен мұғалімдер келіп оқытып жүр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда