jasqazaq.kz

Мүгедек болып қалған сарбаз сұқбат берді

16 қазан 2019, 11:11

Жаттығу кезінде граната жарылып, бір қолынан айырылған ақтаулық сарбаз оқиғанын қалай болғанын айтты. Сергей Кошелев өзін кінәлі санамайды, — деп хабарлайды Astana TV.

Жігіттің айтуынша, ол әскерде жүріп, мүгедек боламын деп еш ойламаған. Шілдеде ол басқа сарбаздармен бірге жаттығуда болған. Сергейдің айтуынша, әріптесі көмектесуді сұраған. Сол кезде ол жолдасының үстелінен гранатаны көрген. Кошелевтің айтуынша, ол мұны муляж деп ойлаған, себебі мектепте осындай снарядтарды көрген. Сергей гранатаның мұрындығын шығарып, үстелге қойған. Ары қарағанымда жарылыс болды. Көзім қарауытып кетті, бетімді сүрттім, сүртілмейді, ештеңе түсіне алар емеспін, сол қолыммен сүрттім де қарадым: қан. Қолыма қарасам, саусақтарым жоқ», — дейді Сергей.

Ол 2,5 ай бойы ауруханада жатқан. Сонда жатқан кезінде оған қылмыстық істе басты кінәлі екені айтылған. Жігітке қару-жарақ және оқ-дәріні пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын бұзды деген айып тағылған. «Менімен бірге борышын өтеп жатқан жігіттерге де гранаталар берілді. Оларменде сөйлестім, олар да оның ұрыс қаруы екенін білмейді. Жарылыс болғанда, олар радиостанция жарылды екен деп ойлаған. Ешкім граната жарылды деп ойламаған. Олар өздері де есеңгіреп қалды. Мен періштемін дей алмаймын. Иә, менің де кінәм бар, себебі мен оған тиіспеуім керек еді», — дейді әскери борышын өтеуші. Сергей Кошелевтің адвокаты Намиг Велиевтің ойынша, бүкіл кінәні әдейі өзінің қорғауындағы адамға жауып отыр. «Оны дайындау керек еді, бірақ олар оны істемеді. Немқұрайлы қараған», — дейді адвокат.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда