jasqazaq.kz

Мұғалжарда газ баллоны жарылып, 11 жасар бала көз жұмды

25 ақпан 2021, 21:39

 

 Ақтөбе облысындағы ауылдардың бірінде газ баллоны жарылып, 11 жасар бала мерт болды. Ал шаңырақтың отағасы мен үлкен ұлы күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Оқиға Мұғалжар ауданында түн жарымында болған. Жұрт шырт ұйқыда жатқанда қатты жарылыс болыпты. Үй иелері кешқұрым елу литрлік газ баллонын үйге кіргізіп қойған. Жылы жерде газ қысымы көтеріліп жарылыс болған. Артынша от тұтанып, үйдің түгі қалмай жанып кетіпті. Оқушы бала сол жерде көз жұмды. Ал оның әкесі мен ағасы Қандағаш қаласындағы аудандық ауруханаға жеткізілді. Ол жақтан беті бері қарамаса, санавиациямен облыс орталығына алып келеміз дейді мамандар. Ал ұлынан айрылған анаға психолог көмек беріп жатыр. Оқиғаны тексеруге арнайы комиссия құрылды. Олар баланы жерлеу рәсімі мен қара жамылған отбасын баспанамен қамтумен айналысады.

Марғұлан Аманбаев, Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:

— Ол ауылдық округте газ жоқ, өздері көмір жаққан. Көршілерінің айтуынша, кешке таман үйге жатар алдында 50 литрлік газ баллон кіргізген. Негізгі себеп те сол деп отыр. Өйткені көшілердің айтуынша, қатты жарылған дыбысы шыққан, содан кейін қабырғалары құлап өртенген.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия