jasqazaq.kz

Мұғалімді ұрған әйел оқиғаның қалай болғанын айтып берді

17 қантар 2019, 14:56

Алматы облысының Өтеген батыр аулында даулы іске қатысты сот отырысы өтіп, мұғалімді соққыға жыққан сотталушы оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтып берді. Айтуынша, мұғалімнің өзі баласының мойнын жарақаттаған.

Бұл туралы «Еуразия бірінші арнасына» хабарлайды.

Баласының мұғалімін соққыға жыққан әйелдің сөзінше, ұлы мектептегі қатарластары мен мұғалімдердің өзін кемсітетінін айтып, бірнеше рет шағымданған. Сотталушы балалардың арасында болған іске ешқашан араласпағанын атап өтті. Алайда мектептен келген ұлының мойнынан тырнақ ізін көргеннен кейін үндемей қала алмапты. Себебі баласы мұндай әрекетте биология пәнінің мұғалімі жасағанын айтқан. Сондықтан ол мектепке барып, мұғаліммен сөйлеспек болады. Алайда өзімді ұстай алмай қалдым, дейді.

«Баламның күртесін шешіп, оған мойнындағы жараны көрсете бастадым. Ол қолын сілтеп: «Қорқатын ештеңе жоқ. Өліп қалған жоқ қой», – деді. Осыдан кейін мен оның қолын тырнап алып, бетінен ұрып жібердім», – дейді сотталушы.

Сот процесінде әйел өз әрекеті үшін мұғалімнен кешірім сұрады. Алайда педагог оқушысына ешқашан қол тигізбегенін, ал оның анасы өзін бірнеше рет ұрғанын айтып отыр. Ол сол жағдайдан кейін ауруханаға түскен. Мұғалімнің миы шайқалып, құлағының жарғағы жарылыпты.

«Маған тап беріп, бетімнен салып жіберді. Құлап қалып, желкеммен еденге соғылдым. Мұнан кейін шашымды жұлып жатқанын сезіндім. Артынша ол мені көтеріп, әрі қарай ұра берді», – дейді жәбірленуші Гүлзира Байділдаева.

Сол жағдайдан кейін мұғалімнің денсаулығы әлі қалпына келмеген. Ол алдағы уақытта құлағына ота жасатып, ұзақ уақыт емделуі керек. Сондықтан жәбірленуші тарап материалдық және моральдық шығынды өтеуін талап етіп отыр.

«Моральдық шығын үшін 3 миллион теңге және материалдық шығын үшін 1 миллион 629 мың теңге өтеуін сұраймын. Бұл сома Байділдаеваға келген зиянмен салыстырғанда, өте аз», – дейді жәбірленген мұғалімнің қорғаушысы Маржан Аспандиярова.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда